Биыл Қазақстан әйгілі Wiki Loves Earth фотобайқауында дебют жасайды. Бұл байқау табиғи мұра нысандарына арналған және бүкіл әлем бойынша өтеді: биыл 37 мемлекет қатысады, енді Қазақстан да солардың бірі!
Негіздер
Қазақстандағы табиғи мұра нысандарын суретке түсіріңіз және Wikimedia Commons сайтына жүктеңіз.
Тек аталған нысандар ғана қабылданады. Нысандардың тізімін ұйымдастырушылар үш тілде ұсынады: Қазақ, Орыс және Ағылшын.
Сіз фотосуреттерді өзіңіз түсіруіңіз керек және оларды CC-BY-SA-4.0 сияқты еркін лицензия бойынша шығаруыңыз керек.
Фотосуреттерді кез келген уақытта түсіруге болады, бірақ 15 маусым, 00:00 және 15 қыркүйек, 23:59 (UTC+6) аралығында жүктеп салу керек.
Пейзаждар: Күн батқандағы Прайа-ду-Абано (Португалия) Фотосурет: Луис Афонсо
Макро: Taraxacum гүліндегі Arianta arbustorum: Ленинград облысы, Ресей, Ропша орманында түсірілген макротүсірілім Фотосурет: Мария Обидина (Мария Обидина)